саясат термин

Азаматтық қоғам – әлеуметтік, мәдени, рухани және ғылыми құндылықтарды қолдайтын саяси партиялардан, діни орталықтардан, отбасыларынан, т.б. тұратын мемлекеттік емес институттар мен байланыстар жүйесі.

Авторитаризм – жеке адамның немесе топтардың саяси оппозициясына жол берілмеген, бірақ саяси емес саладағы экономика, мәдениет, білім және т.б. шексіз билігі, беделі.

Демократия – халықтық биліктің қайнар көзі болып табылып, саяси жүйе еркіндік пен теңдік принципінде қалыптасқан мемлекеттік құрылымның түрі.

Идеология – адамдардың, белгілі бір топтардың түпкілікті мүдделеріне негізделген идеялар жиынтығы. Идеология қоғамдық сананы саяси бағдарға бағындыруға және соған айналдыруға тырысады

Конфедерация – қызметтің жеке түрлерін үйлестіру мақсатымен құрылатын мемлекетаралық тұрақты бірлестік.

Құқықтық мемлекет – конституция үстемдігі орнайтын, заңдар орындалатын, адам құқығы мен бостандығы қорғалатын мемлекет. Құқықты мемлекет билік бөлісін және соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Лоббизм – заңдарды немесе атқарушы биліктің шешімдерін қабылдау кезіндегі жеке адамдардың немесе ұйымдардың (партияларда, бизнесте, ұйымдарда, жеке тұлғалар тарапынан) кейбір мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған түрдегі ұйымдасқан әрекеті.

Мемлекет – басқаруды, сыртқы жаулардан қорғауды жүзеге асырып, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұратын қоғамның саяси жүйесінің орталық институты

Менталитет – жеке тұлғаның, тұтасымен алғандағы қоғамның ойлау ұстанымы мен тәртібіндегі тарихи қалыптасқан ерекшеліктері.

Монархия – жоғарғы өкіметтік биліктің мемлекет басшысына мұрагерлік жолмен берілетін басқару түрі.

Партиялық жүйе — азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі

Республика – мемлекеттің жоғарғы органдарын халық сайлайтын, азаматтардың жеке және саяси құқықтарына ие болатын мемлекеттік басқарудың түрі.

Саяси әлеуметтену – адамның мәдени нормаларды, құндылықтарды және саяси тәртіптің үлгілерін игеру үрдісі.

Саяси жүйе – белгілі бір саяси қызметтерді атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық институттардың жиынтығы.

Саяси көшбасшылық — саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. 

Саяси партия – қоғамдық құрылысты жетілдірудің, билік пен мемлекеттің барша тыныс-тіршілігін ұйымдастырудың нақты бағдарламасын ұсына алатын саяси бірлестік. Партиялар өз мақсаттарын билік басына келу арқылы жүзеге асырады.

Саяси сана — өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді

Саяси терроризм — [лат. terror — қорқыныш] — қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Терроризм мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Терроризм қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды

Саяси элита — қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.[1]

Саяси үрдіс — саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келуі, ауысуы, өзгеруі, қозғалысы. Бұл үрдіс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта белуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға, жүмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Саяси үрдістің басты белгісі азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда

Тоталитаризм – жеке тұлға мен қоғамдық құрылымдардың мемлекеттің жан-жақты бақылауына бағындырылған саяси тәртіп.

Фашизм – зорлыққа, тоталитаризмге, агрессияға, шовинизмге бағдарланған антидемократиялық, оңшыл экстремистік саяси ағым.

Федерация – бірнеше дербес құрылымдардың біртұтас мемлекетті қалыптастыруы. Федерацияның жеке бөлшектерінде (республикалар, штаттар, провинциялар) егемендіктің кейбір белгілері болады.

Предыдущий:

Следующий: