казака отчет

Бензиндер іштен жану қозңалтқыштарында өздігінен жану үшін қолданылады. Осындай қасиеттеріне байланысты бензинді автомобильді және авиационды деп бөледі.Қолданылу шарттарының айырмашылықтарына қарамастан автомобильді және авиациялық бензиндер негізгі ортақ көрсеткіштермен, физико-химимялық, эксплуатациялық қасиеттермен сипатталады.

Қазіргі заманға сай автомобиль және авиациялық бензиндер талаптарға сай болуы керек,экономикалық жағынан тиімді және двигатель жұмысына сенімді болуы керек және эксплуатация талаптары:жақсы буланғыштық, кез келген температурада әуе отынының бірыңғай қоспасының оптимальді құрамын алу;топтық көмірсутектік құрам болуы,тұрақты қамтамасыз етілуі,қозғалтқыш жұмысының барлық жұмысындағы детонациясыз жану процесі,өзінің құрамын өзгертпеу және ұзақ сақтаудағы қасиеттер және отындық жүйе бөлшектеріне кері әсер етпеу,резервуарлар, резинатехникалық бұйымдар.Соңғы жылдары отынның экологиялық қасиеттері бірінші орында тұр.

Автомобиль бензинінің қасиеттері

Карбюрациялық қасиеттер

Тығыздық.Тығыздық көлем бірлігіндегі заттың массасы.Бензиннің тығыздығы отынның шығынына карбюратордың калибрленген түтік ойығы арқылы әсер етеді.Камера қалтқысындағы бензиннің деңгейі оның тығыздығына тәуелді.Автомобиль бензинінің тығыздығы 690-750 кг/м3 аралығында болуы керек.Отынның тығыздығы ареометрмен, пикнометрмен ,гидростатикалық таразымен анықталады.Бензиннің тығыздығы әрбір 10 0С температура төмендеген сайын шамамен 1% өседі. Температураны білгеннен кейін тығыздықты стандартты температураға келтіруге боады. (+20 0С):

20 = t + (t — 20)

t -сыналатын өнім тығыздығы, кг/м3;

t -сынау температурасы , 0С;

Тұтқырлық(ішкі қажау)-сыртқы күштердің қарсылығымен сипатталатын, оның ағысын тудыратын сұйықтың қасиеттері.

Тығыздық аумағы динамикалық, кинематикалық шартты бірлікте болуы мүмкін.СИ жүйесінде динамикалық тұтқырлықты екі қабатты сұйықтықтың 1 м2 аумағында өзара жылжуы

Динамикалық тұтқырлықтың негізгі өлшем бірлігі [кг/(м*с)].

Кинематикалық тұтқырлық-сұйық тығыздығының анықталған температурада бөлінетін динамикалық тұтқырлығы.Кинематикалық тұтқырлықтың көлем бірлігіндегі СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі [м2/с].Көбінесе мм2/с қолданылады.

Шартты тұтқырлық- әртүрлі визкозиметрден алынатын бірлік көлеміндегі тұтқырлық.Шартты тұтқырлықты кинематикалық жағдайда қайта есептеуге болады.

t = 0,07319 0ВУt — 0,631 / 0ВУt

Тұтқырлық уақыт бірлігінде түтікше арқылы ағатын отынның салмақтық санына жоғары әсер етеді.Температураның төмендеуі бензин тұтқырлығының жоғарлауына алып келеді,ал ол оның шығымын төмендетеді.Түтікшеден өтетін бензиннің шығымы 40 — — 40 0Саралығындағы температурада 20 — 30 % төмендейді.

Беттік керілу- 1 м2 беттегі сұйықтың түзілу жұмысымен сипатталады және н∕м мен сипатталады.Беттік керілу тұтқырлық қатарында бензиннің шаңдануына әсер етеді. Оның өлшемі кіші болған сайын алынатын тамшылар мөлшері аз болады.Барлық автомобиль бензиндері үшін беттік керілу бірдей және +20 0С та 20 — 24 мН/м-ге тең.

Буланғыштық.Отынның буланғыштығы сұйықтан бу тәрізді күйге өтуімен түсіндіріледі.Отынның булануы немесе қажетті жағдайларда жануы , ауамен араласып, тек бу фазасында өздігінен жанады.Автомобиль бензиндері мынадай буланғыштыққа ие болуы керек,қозғалтқыш жеңіл оталатындай болуы керек,оның тезірек жылуы және бензиннің толық жануы сонымен қатар отындық жүйеде бу тығынының түзілуінің болмауы.Қозғалтқыш үшін отынның практикалық буланғыштығы стандартты аппаратта айырылу әдісімен фракциялық құрамымен анықталады.Бензин тіркелген қайнау температурасы болмайтын көмірсуектер қоспасы. Ол 35 — 195 0С температура алалығында буланады.Айырылу кезінде келесі температуралық нүктелер тіркеледі: бастапқы қайнау температурасы, отынның қайнау температурасы 10 % (t10), 50 % (t50), 90 % (t90) ,соңғы қайнау температурасы.Температуралық нүктелер стандартты және сапа құжатында өткізіледі. Отынның жеңіл фракцияларының қайнау температурасы 10%.Бұл фракция отынның оталғыштығын анықтайды,қайнау температурасы 10% тен төмен болған сайын,олар жақсы.Қысқы отындардың температурасы 55 0С-тан жоғары болмауы керек.Бірақ қысқы отынды жазда пайдаланғанда отындық жүйеде бу тығындарының түзілуі мүмкін.

Қозғалтқыштың әр түрлі режимдегі жанатын қоспасының сапасы , жылудың жалғасымдылығы,жұмысшы фракциясының буланғыштығының қабылдануына тәуелді. Бұл нүктенің температурасы төмен болған сайын бөлек цилиндрдегі жұмысшы қоспасы біртекті болады,двигатель тұрақты жұмыс жасаған сайын оның қабылдағыштығы артады. Отынның 90%-к қайнау температурасы оның конденсацияға икемділігін көрсетеді. Отынның конденсацияға икемділігі аз болған сайын ауыр көмірсутектер буланғанда соңғы қайнау температурасы аз болады.Ауыр көмірсутектер толық емес буланған сайын ,олар тамшы-сұйық күйде қалады,цилиндрмен тесік арасында және поршень сақинасы мен двигатель картерінде майлы пленканың болуы майдың сұйылуы отынның шығымын көбейтеді.

Предыдущий:

Следующий: