билет 1 ,2

Билет 1

1.

Кәсіби сөздер. Термин сөздер

Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздердеп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:

 

1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс –аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

 

2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт –мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші;

2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б.

3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше,торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

 

Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

 

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.

 

1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат т.б.

2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.

2 Семасиология және оның ерекшеліктері. Сөз мағынасы.Сөз мағынасының кенеюі мен таралуы.

Семасиология (гр. semasia — мағына, гр. logosсөз — ілім)— заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология — лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.

Семантика (көне грекше: σημαντικός — танбалаушы, білдіруші) — тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейды.

Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын семантикалыќ заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып табылады. Семасиология лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі мағынаны әрбір сөздің «жаны» десе болады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы-ономасиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналары, семантикалыќ заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе ќұбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себеі неліктен екендігі ќарастаырлады. Билет 2

2.Тіл теориясындағы тілдік жүйе. Тіл теориясының салалары және олардың дамуы Қазақ тіл білімі – қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тіл білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады.

Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл – құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қазақ тіл білімінің салалары:

Әліппе мен емле. 19 ғасырдың 2-жартысында Ы.Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғасырдың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонол. ерекшеліктерін айқындап шықты.

Грамматика. Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары Қазақ тіл білімінің грамматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды.

Лексикология және лексикография. Оқулық жазу ісімен бірге осы ғылым салалары бойынша атауларды қалыптастыру қатар жүрді. Мәсен, Байтұрсынов тілге қатысты зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, есімше, көсемше, т.б. атауларды қазақ тілінің өз байлығын пайдалана отырып ойластырды. Сол сиқты жаратылыстану және гуманитарлық сала бойынша оқулықтар жазған ғалымдар салалық атауларды қалыптастырып, бір атаудың бірнеше баламасы болуына байланысты оларды бір жүйеге түсіруге, тұрақтандыруға ерекше мән берді. Бүл кезеңдегі сөздіктердің дені уақыт талабына сәйкес атаулық сөздіктер болғанымен, түсіндірме сөздіктің де, фразеологиялық сөздіктің де, диалектологиялық сөздіктің де жүгін арқалады.

Тіл тарихы және диалектология жеке ғылым ретінде қалыптаса қоймаса да, жекелеген мақалаларда тіл тарихы, диалектология мәселелері сөз болды. Мысалы, Аймауытовтың “Тіл туралы” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 9 наурыз), “Әдебиет тілі мен емле” (“Еңбекші қазақ”, 1929, 12 мамыр), Кемеңгеровтың “Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 24 қараша), “Дұрыс па? Бұрыс па?” (“Еңбекші қазақ” 1926‚ 10 қараша), т.б. мақалаларында жергілікті тіл ерекшеліктері, кейбір сөздердің этимологиясы сөз болды. Сонымен қатар Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелеріне қатысты съезд, конференциялар ұйымдастырылды. Мысалы, 1924 жылы 12 – 18 маусымда Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінің күн тәртібінде жазу ережелері, әліппе, қазақша пән атаулары мәселелері сөз болса, 1927 жылы 28 – 29 сәуірде Ташкентте өткен бас қосуда жазу‚ әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 жылы 2 – 4 маусымда Қызылордада өткен ғылыми-орфографиялық конференцияда емле, атау мәселесі қаралды.

Фонетика‚ емле. 1930-жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңыдылығы, сөздердің буын құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына ауыстыруға байланысты “Еңбекші қазақ” газетінде бас әріпті алу мәселелері көп талас тудырды. Жазу ауыстыруға орай әріп таңдау, қазақтың төл дыбыстарына әріп белгілеу төңірегінде баспасөз бетінде көптеген пікірталастар болды. Әсіресе, басқа тілдерден енген сөздерді жазу ерекше талас тудырды. Дұрыс айту ережелеріне ерекше мән беріліп, қазақ тілінің орфографиялық сөздігі бірнеше рет жарық көрді.

Грамматика. 1930 – 40 жылдардан бастап сөз таптары мен олардың жекелеген категориялары туралы арнайы еңбектер жарық көре бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде сөзжасам жеке сала ретінде қарастырылған болса‚ ұлт зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 30-жылдары сөзжасам әр сөз табына қатысты‚ морфология шеңберінде сөз болды.1940 жылдан бастап синтаксистің жекелеген мәселелері монографиялық тұрғыдан зерттелді. Қазақ тіліндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлері анықталды, жақсыз сөйлемнің, құрмалас сөйлемдердің сыр-сипаты ашылып, ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі туралы едәуір мәлімет берілді. Қазақ тілінің ғылыми курсы 1954 жылы “Қазіргі қазақ тілі” деген атпен жарық көрді. 1962 жылы фонетика мен морфология тарауларынан құралған “Қазіргі қазақ тілі”‚ 1967 жылы морфология‚ синтаксис салаларын қамтыған “Қазақ тілінің грамматикасы” атты екі томдық басылып шықты. Ал 1980 жылдары сөзжасамның нысаны‚ өзіндік ерекшелігі анықталып‚ морфологиядан бөлек‚ дербес сала ретінде бөлініп шықты Сонымен қатар синтаксис саласы да едәуір дамыды. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің орын тәртібі зерттелді.

Лексикология және лексикография. 1950 жылдарға дейін лексикология жеке пән ретінде оқытылмай‚ негізінен мақала көлемінде ғана сөз болып келсе‚ Ғ.Мұсабаев тұңғыш рет лексиканың ғылыми курсын жазды. 1950] – 60 жылдардан бастап лексиканың түрлі топтарының (синоним, омоним, архаизм, историзм, кірме, біріккен сөздер, т.б.) ерекшеліктерін анықтау жөнінде зерттеулер жүргізіліп келеді. І.Кеңесбаев идиома мен фразеология мәселелерін зерттеп‚ “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін” жасап шықты (1977). “Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі”‚ “Абай тілі сөздігі”‚ синонимдер сөздігі‚ лингвистика‚ орфография‚ диалектология‚ орфоэпия‚ кері алфавиттік, т.б. сөздіктер жарық көрді. Сонымен қатар орыс‚ араб-иран‚ моңғол және Батыс Еуропа тілдерінің қазақ тілімен қарым-қатынасын зерттеуге мол материал беретін бірнеше екі тілді сөздіктер басылып шықты

Ономастика. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста ономастика мәселелері ішінара сөз болғанымен‚ көлемді еңбектер 1950 – 60 жылдардан бастап жазылды. 1960 жылы Тіл білімі институты жанынан ономастика бөлімі құрылып, топонимика, антропономика бойынша монографиялар жарық көрді.

Терминология. Бұл сала заман талабына сай түрлі кезеңдерді бастан кешті. Ұлт зиялылары қудаланғаннан кейін қазақ тілінде баламасы бола тұрса да, шет тілден енген сөздерді орыс тіліндегі қалпында қазақ тіліне қабылдай беру үрдіске айналды. Атауларды орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес жазу қазақ әліпбиіне е, ю, я, ъ, ь, ц, ч тәрізді әріптердің енуіне жол ашты. 1981 жылы Тіл білімі институтында Терминология және аударма теориясы бөлімінің ашылуына байланысты атаулардың жасалу жолдары‚ тәсілдері‚ принциптері‚ тарихы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Аударма теориясы бойынша бірқатар монографиялық еңбектер жарық көрді.Тіл тарихы және диалектология. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста да әдеби тілдің кейбір белгілері, мақала көлемінде сөз болса, ендігі жерде монография көлемінде көптеген еңбектер жарық көрді: Мерзімді баспасөз тілінің әдеби тілді дамытудағы рөлі арнайы зерттелді. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар арнайы зерттеліп, олардың әдеби тілді дамытуға қосқан үлесі анықталды, 1920-30 жылдардағы әдеби тілдің жай-күйі, өзіндік ерекшеліктері, жартастағы жазулар, эпиграф. ескерткіштер қарастырылды. Қазақ диалектологиясы бойынша 1958 жылдан бастап “Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы” атты 7 жинақ шықты. Диалектологиялық атластар жасалды. Жергілікті ерекшеліктердің әдеби тілге қосар үлесі зерттеліп, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы өзіндік ерекшеліктер арнайы зерттелді. Жергілікті ерекшеліктерді зерттеп жүрген диалектологтар жиырмаға жуық монографиялық еңбек жариялады.

Тіл мәдениеті және стилистика. Бұл саладағы іргелі зерттеулер 1960 жылдардан басталады. 1969 жылы Тіл білімі институтының жанынан Тіл мәдениеті бөлімі құрылғаннан кейін зерттеулер жүйелене түсті. Фольклор тілі, көркем әдебиет тілі 1970 жылдардан бастап зерттелді. Қазақ тіл білімінде кейінгі кездері тіл статистикасы, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика‚ этнолингвистика, т.б жаңа салалар дамып келеді. Қазақ тіл білімінде жалпы тіл білімі, алтаистика, жалпы түркі тілдерінің қарым-қатынасы мәселелеріне байланысты бірқатар зерттеулер жүргізілді. 1991 жылдан кейінгі Қазақ тіл білімінің негізгі бағыттары: жалпыхалықтық тілдің, оның ішінде, әдеби тілдің тарихын жасау, Қазақстан аумағындағы түрлі ұлт тілдерінің өзара әсерін, қостілділік, көптілділік барысын зерттеу, жеке жазушылардың сөздігін жасау, қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазу, диалектологиялық атлас жасау, тілдің дыбыстық жүйесін тәжірибелік тұрғыда зерттеу, шет ел сөздерінің сөздігін жасау, әр түрлі ғылым салаларына байланысты толық атаулық. сөздіктер шығару, лексикография теориясындағы мәселелерді шешу, көркем әдебиет, фольклор тілін, тіл мәдениеті мен стилистика мәселелерін дамыту, қазақ тілінің дыбыс жүйесін синхрония және диахрония тұрғысынан құрылымдық, математика, лингвистик. әдістер арқылы жан-жақты зерттеу

Предыдущий:

Следующий: