термины каз

Авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Автоерітінді тасушы құрылыс объектілеріне ерітінді-бетон тораптарынан әр түрлі консистенциялы құрылыс ерітінділерін тасымалдау, қозғау және тиісті мөлшермен беруге арналған арнайы көлік құралы. Өзімен ерітіндіні араластыру үшін гидравликалық қалақты қозғаушысы бар жүк машинасының рамасына орнатылған цистернаны көрсетеді.

Автоцемент тасушы мамандырылған көлік құралы; арнайы автопойыздарға жатады және сүрлем типті қоймалар мен бункерлерден пневматикалық тиеуші және тұтынушы қоймаларына тікелей құбыр бойымен пневматикалық өздігінен жүк түсірушісі бар негізгі қоймалар мен цемент зауыттарынан герметикалы резервуарда цемент тасымалдау үшін арналған.

Ағаш талшықты тақта (АТТ) (древесноволокнистая плита (ДВП)) – ұсақтануымен, тақтаның қалыптасуымен, суға төзімді эмульсиясымен жұтылған, ағаш талшығы талшықты массаның арнайы өңдеуімен және олардың жылу өңдеуімен бет түріндегі ірі өлшемді бұйым.

Ағаш шеберлік жұмыстар ағашты ұқыпты өңдеу мен бұйымдар әзірлеу (жиһаздар, есіктер, терезелер). Ағаштың жұмсақ тұқымдарынан (шыршалар, қарағайлар) өндірілген ағаш шеберлігі жұмыстары ақ ағаш, ал қатты тұқымдарынан (емен, шамшат т.б.) алынғандарды қызыл ағаш деп атайды.

Айбас – ет шабатын жарты ай бейнелі темір түйгіш.

Акустикалық деп ішкі және сыртқы дыбыстардың қаттылық дәрежесін төмендететін және дыбыстың толқын энергиясын азайтатын материалдарды айтады.

Ақ керіш ақ топырақ, онымен үй ағартады.

Алыптас ескерткіштер сәулеті – мегалическая архитектура

Антисептирлеу (антисептирование) – ылғалдылық ортаның әсерімен биологиялық бұзылуынан ағашты қорғау.

Апат – аймақтың және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Ара – ағаш кесетін құрал, темір қышқы.

Арматура шыбығы – арматурная стержень

Асфальт төсеуші – асфальтбетоннан және битум минералды қоспалардан жасалған жол жабуларын жасауға арналған доңғалақты не жыланбауыр табанды өзі жүретін арнайы машина, төселетін материалдарды таратады және тегістеп жаяды.

Аталғы – қашау темір, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.

Ауа алмасу еселігі (кратность воздухообмена) – бір сағат ішінде бөлмеге берілетін немесе одан шығарылатын ауа көлемінің бөлме көлеміне қатынасы.

Ауа ауыстыру (воздухообмен) – бөлменің ластанған ауасын таза ауамен жарым-жартылай не толық ауыстыру.

Ауа баптау (кондиционирование воздуха) – адамдардың көңіл-күйіне қолайлы жағымды болатын, технологиялық процесті жүргізуде керек оңтайлы метеорологиялық жағдайларды қамтамасыз ету, мәдени құнды заттарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жабық бөлмелерде ауаның барлық немесе кейбір параметрлерін (температураны, салыстырмалы ылғалдылықты, тазалықты, қозғалыс жылдамдығын) автоматты түрде ұстап тұруы.

Ауа құбыры (воздуховод) – ауа алмастыру, ауамен жылыту, ауаны шартқа сәйкестендіру жүйелерінде қолданылатын ауаны ауыстыруға, сондай-ақ технологиялық мақсатпен ауаны тасымалдауға арналған құбыр.

Ауыз үй – келіп-кетушілерді қабылдауға және таратуға арналған үймереттің ішкі бөлімдеріне кіру алдындағы бөлме.

Ашық кеуектілік – сумен қаныққан барлық кеуектің қосынды көлемінің материал көлеміне қатынасы.

Аязға төзімділік – сумен қаныққан материалдың өзгермелі мұздату мен сығылуға 15 пайыздан аспайтын ерітуді ұстап қалатын материал қабілеті.

Әк (известь) – бор және басқа карбонатты жыныстан өңдеуімен алынатын тұтқырғыш зат әк. Сөндірілген (ұнтақ) және сөндірілмеген (қызулы) әк болады.

Әрлеу ерітіндісі (растворы отделочные) – түрлі-түсті сәндіктер мен кәдімгі сылақ үшін ерітінді бөлінеді.

Баған (бағана) қораның төбесінің арқалығын астынан тіреп тұратын діңгек ағаш.

Бағанақұрылыс элементтің ұстауы үшін арналған вертикалды құрылым.

Балға – ұсталардың, шеберлердің ұстанатын ұрғыш темірі.

Бас жоспар – жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, үймереттерді, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі.

Беларқа (ригель) – тақта, жүгіртпе, аралық, қабырға және т.б. үшін тірек болып ғимараттың қаңқасындағы көлденең элемент.

Белдеу киіз үйдің туырлығын айналдыра белінен орап байлайтьш арқан.

Беріктік (прочность) – материалдың жүктемелер мен әсерлердің әр түрлерін қирамай қабылдайтын қасиеті.

Блокты іргетас – блоковый фундамент

Бөлшек ғимараттың жоспарда шартты шектелген және көлемдік-жоспарлық, техникалық немесе құрылымдық жағынан бір бүтін болатын ғимараттың бөлігі.

Бөренелер жоғарғы шетінің диаметрі 14 см-ден кем болмайтын және ұзындығы 4,9 м болатын дің кескіні. Құрылыста қылқан жапырақ текті бөренелермен қатар, жалпақ жапырақ текті бөренелер қолданылады. Қылқан жапырақ тектілерден бұл мақсаттар үшін жиірек қарағай, шырша, бал қарағай қолданылады; Жалпақ жапырақтылардан – қайың, емен, көк терек, қандыағаш; Бөренелерді балка, ферм тіреуіштер, төсегіштер үшін және жер қуыстарын бекіту үшін қолданады.

Бугель – жарылудан қорғайтын ағаштың діңіне кигізілетін болатты сақина.

Бұрғы ұшы өткір, бұрандалы тескіш; бұрғылап тесетін темір құрал.

Бұрғылау – таулы өндіру процесі цилиндрлік түр арқылы (ұңғымалар, сыбызғылар, шахталық) тау жыныстарын қирату жолымен оларды өндіруден алып тастау.

Бүктеу тістеуігі, қысқышы – фальцовочные

Білеушелер (брусья) – ені мен қалыңдығы 100 мм асатын материал. Өңделуіне байланысты білеушелер төрт қанатты және екі қанатты болады.

Газ құбыры (Газопровод) – бір орыннан тұтынушыларға дейін жанғыш газдарды тасымалдауға арналған құбырлар, жабдықтар және аспаптар кешені.

Газ тазарту (Газоочистка) – өнеркәсіп газдарында болатын қатты, сұйық және газ тәрізді қоспаларды бөліп шығаратын технологиялық процесс

Газбен жабдықтау (Газоснабжение) – халық шаруашылығы мен халық қажеті үшін газ отынын ұйымдастырып жіберу және тарату.

Газгольдер (Газгольдеры) – шеті күмбез тәрізді, формасы көбінесе сфера немесе цилиндр болатын газдарды сақтайтын металдық резервуар.

Галерея – инженерлік және технологиялық қатынастарға және де адамдар өтуге арналған үймереттер немесе ғимараттардың бөлмелерін қосатын жер үстіндегі не жердегі, толық немесе жарым-жартылай жабық, көлденең немесе көлбеу ұзын ғимарат; 2. көрермендер залының жоғарғы ярусы.

Глазурь – бұйымға жағылған және күйдіру арқылы бекітілген қалыңдығы 0,1 – 0,2 мм шыны типтес жабын.

Ғимараттардың деформациясы әр түрлі жүктемелер әсерінен ғимарат пішінінің және өлшемдерінің өзгеруі, сондай-ақ орнықтылығын (шөгу, жылжу, ауу және т.б.) жоғалтуы.

Дюралюминдер – алюминийдің мыс, марганец, магний қоспаларымен бірге қорытылған күрделі құрамдағы балқымалар.

Ескерткіш ғимараттар – мемориальные сооружения

Ескерткіш саяжайлар – мемориальные парки

Жанама буландырып салқындату (косвенное испарительное охлаждение) – тікелей буландырып салқындату мен суытылған сумен беттік жылу алмастырғыштарда ауаны салқындату.

Жаншып жұқарту – айналу білігі арасындағы саңылауда пластмасса қалыптасатын технологиялық операция.

Жарылған, шағылған, шақпақталған тас – колотый камень

Желдету (вентиляция) – жұмыс аймағында тәулік бойы жұмыс істегенде 400 сағ/ж, ал күндізгі уақытта бір ауысымды жұмыста болғанда 300 сағ/ж рұқсат етілетін метереологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз ету мақсатымен жылудың, ылғалдың, зиянды және басқа заттардың молдығын жою үшін бөлмелердегі ауаны алмастыру.

Желім (клей) – жоғары адгезиялық қабілетке ие синтетикалық зат.

Жер жұмыстары топырақты ойып алу арқылы жер ғимараттарын жасау бойынша ұйымдастыру-техникалық, физикалық процестердің жүйесі. Құрылыста жер жұмыстары үймереттер мен ғимараттар негіздерінің астына қазаншұңқырлар және жерасты коммуникацияларын төсеу үшін орлар жасау кеңінен қолданылады.

Жұмыс қабылдау комиссиясы – құрылысы аяқталған объект бойынша орындалған жұмыстарды қабылдап, мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін белгіленген тәртіп бойынша тағайындалған комиссия.

Жұмыс сызбалары (чертежи рабочие) – тікелей құрылыс құрастыру жұмыстарын жүргізуге немесе құрылыс құрылымдары мен бұйымдарын әзірлеуге арналған сызбалар.

Жылу желісі (сеть тепловая) – жылумен жабдықтау көзінен тұтынушыларға жылу таратушы (ыстық су не бу) жүретін құбырлардың (жылу құбырларының) жиынтығы.

Жылу өткізгіштік (теплопроводность) – материалдың өзінің бойынан жылулық ағынды өткізу қабілеті, бұл маиериалды шектейтін үстіңгі беттердегі температура айырымы салдарынан пайда болады.

Жылу сыйымдылықты пеш (теплоемкая печь) – бөлмеде тәулігіне екі реттен аспай от жаққанда ауаның мөлшерленген температурасын қамтамасыз ететін пеш.

Жылулық ағын (тепловой поток) – бірлік уақыты ішінде таралатын жылудың саны.

Жылумен жабдықтау (теплоснабжение) – тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік үймереттер мен технологиялық тұтынушыларға жылыту, ауа алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тасығыштың (ыстық су не бу) көмегімен жылумен жабдықтау.

Жіктерді әшекейлеу – берілген форманың біркелкісімен кірпішті қалаудың жік тығыздауы мен тегістеуі.

Зембілтопырақ, тас сияқты ауыр заттарды салып екі кісілеп көтеруге арналған жабдық.

Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Инженерлік жүйелер (сети инженерные) – тұрғын пунктерінің аумағында, ғимарат ішінде төселінетін әр түрлі тағайындаудағы құбырлар мен кабельдер (суқұбыр, канализация (су әкету), жылыту, байланыс т.б.).

Инженерлік жүйелердің жер асты құрылыстары (подземные сооружения инженерных систем) – жылулық қораптар, өтпелі және жартылай өтпелі арналар, коллекторлар мен құдықтар.

Канализация – елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа да объектілер аумақтарынан ағынды суды қабылдауды, жинауды және бұруды, сондай-ақ ол суды пайдаға асыру немесе суатқа төгу алдында тазартуды және зиянсыз етуді қамтамасыз ететін инженерлік ғимараттар (құбырлар, сорғыш станциялары, тазарту ғимараттары) мен жабдықтар (санитарлық аспаптар, тік құбырлар және т.б.) кешені.

Кереге – киіз үйдің қабырғасын құрайтын, тор көзді жиналмалы ағаш бұйым.

Керіш топырақтан, құмнан бірігіп құралған тас.

Кескіш – темір кесетін бір басы жүзді жұмыр шапқы.

Кеуек бетон – біркелкі таралған кеуектерден тұратын минералды тұтқырғыш пен кремнеземдік құрам негізіндегі жасанды кеуекті материал.

Кеуекті пласт – газды өткізетін, кеуектілігімен көрінетін газ толтырғыш пластмассалар.

Кеуектілік – материал көлемінің кеуекпен толтырылу дәрежесі.

Конвекция – кеңістікте бөлшектің ауысуымен жылудың таралу үрдісі.

Көлік құралдарын таңдау – тасымалдау қашықтығына, жол тармақтарының болуына және күйіне, тасымалдау мерзіміне, құнына, жүктер түріне және оларды сақтау талаптарына, сондай-ақ арту-түсіру тәсілдеріне байланысты өндіріледі. Жүктерді тасымалдаудың тиімді тәсілдерін таңдау мүмкін вариантарды техника-экономикалық салыстыру арқылы өндіріледі.

Кран ілмегінің құлашыкранның техникалық сипаттамасының көрсеткіші, кранның айналма платформасының айналу өсі мен жүк ілмегінің құрсау центрінен өтетін тік өстің аралығындағы қашықтық.

Күрделі құрылыс – өндірістік және өндірістік емес міндетке жүктелген негізгі қор құрайтын материалдық өндірістің тарауы.

Күрке баспана, лашық.

Қабық (оболочка) – құрылымның басқа өлшемдерімен салыстырғанда өзара аралығы (қабықтың қалыңдығы) аз екі қисық сызықты бетпен шектелген кеңістіктік құрылым.

Қабырғалар сыртқы кеңістіктен немесе бөлмелерді бір-бірінен бөлуге арналған ғимараттардың конструктивті элементтері. Құрылымы бойынша қабырғалар панельдік, блоктық, кірпіштік болып бөлінеді.

Қадаубас – темір тесетін құрал, асыл тескіш.

Қазиек – пышқы, темір ара.

Қалқымалы еден (пол плавающий) – көршілес бөлмелердің дыбыс айыру қасиетін көтеру мақсатында жабын мен қабырғалардан амортизациялаушы не айырушы құрылғылармен бөлінген еден.

Қапас – темірден, ағаштен, шыбықтан тоқылған үйшік.

Қаптау (обделка) – жер асты ғимараттарының орнын бекітетін және олардың ішкі беттерін құрайтын тұрақты құрылым.

Қаттылық құрылымның деформацияларға қарсы тұру қабілетін бағалайтын сипаттама.

Қашау ағашты, тасты, темірді тесетін құрал.

Қиыршықтас орамалы пішінді өлшемі 5-70 мм болатын тастың бөліктері.

Қиыршықтас (щебень) – 3-70 мм-ден дәннің ірілігімен тау жыныстарының қатты уатқыш өнімі. Қиыршықтасты даярлау үшін атқылау, шөгінді, метаморфты жыныс және малтатас.

Қоғамдық үймереттер мен ғимараттар халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге, сондай-ақ әкімшілік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды орналастыруға арналған үймереттер мен ғимараттар.

Қойма тас – құмнан, цементтен құйып біріктерген тас; жасанды тас.

Құрылымның деформациясы жүктемелер және әсерлер әрекетінен құрылымның өзгеруі.

Құрылыс бұйымы құрылысқа дайын түрінде жеткізілетін зауытта жасалған элемент.

Құрылыс шыны (стекло строительное) – терезелі, көрмелік, профилді, қапталған, витраждар, көбік шыны, әрлеу, мүсінді, сонымен қатар шыныпакет, шыныблок, сәулет бөлшектері, мозайка, құрылыс бөлшектері, сәулет-әрлеу шыныпластик шынылары кіреді.

Құрылыстағы автомобиль көлігі құрылыс жүктерін тасымалдауға кең қолданылатын негізгі көліктің түрі. Оның құрылыс алаңшаларына материалдар, құрылымдар, жабдықтар жеткізіп берушілер арасындағы байланыстырып тұратын түйіні болады.

Құю – созылымды массаның металл таспада немесе барабанда жұқа қабатпен үйлестіріп және қатайтып жұқа үлдір ретінде алынатын технологиялық үрдіс.

Қысқыбір нәрсені қатты ұстап тұратын құрал.

Қысқы тас қалау – сыртқы ауаның температурасы теріс кезде аязға қарсы қоспалары бар ерітінділер немесе қатыру тәсілін қолданып тас құрылымдарын тұрғызу.

Қысқы тас қалау (кладка зимняя) – сыртқы ауаның температурасы теріс кезде аязға қарсы қоспалары бар ерітінділер немесе қатыру тәсілін қолданып тас құрылымдарын тұрғызу.

Қыш тақтай (керамическая плита) – қыш массаның күйдіру жолымен алынған бетінің әрлеу үшін қолданылған жазық бұйым.

Лактанған ағаш талшықты тақта (лакированная древесноволокнистая плита) – бір немесе екі қабаты лак сырлы материалдармен жабылған ағаш талшықты плита.

Лашық уақытша үй, баспана, үйшік.

Лифт көп қабатты үйлерде, шахталарда адамдарды, затты көтеретін, түсіретін машина.

Лоджия – пәтердің немесе бір бөлмелі үйдің алаңының төбесін жабу және үш жағынан бөлінген іш жағындағы ашық кеңістік.

Магистралды газ құбыры (Газопровод магистральный) – жанғыш газдарды шығаратын (не өндіретін) жерден қысымы тұтынушыларды жабдықтауға қажетті деңгейге дейін төмендететін газ тарататын станцияларға дейін тасымалдауға арналған газ құбыры.

Масатемір – қысқаш темір.

Мастика толтырғыш пен қоспалардан, байланыстырғыш полимерден тұратын желімдеуші материал.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясы – құрылыс аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау үшін белгіленген тәртіп бойынша тағайындалған комиссия.

Мемлекеттік стандарт (МСТ) – стандарттау, метрология және куәландыру жөніндегі Мемлекетаралық кеңеспен не құрылыста стандарттау, техникалық мөлшерлеу және куаландыру жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми техникалық комиссиясымен (МНТКС) қабылданған стандарт.

Металл дегеніміз атомдары кеңістік тор түйіндерінде белгілі бір заңдылықпен орналасқан кристалдық дене.

Мозайка тегістейтін машина (мозаично-шлифовальные машины) – мозайкалы, мәрмәрді және гранитті бетінің өңдеуі мен тегістеу, ажарлау үшін қызмет етеді.

Мөлшер жобалау, салу немесе сметалық құнды анықтаудың жекелеген мәселелері бойынша бірыңғай сандық және сапалық көрсеткіштерді белгілейтін талап.

Мұз айдындары – жер бетінде мұздың табиғи жиналулары, әдеттегідей қозғалыста. Атмосфералық тұнбаларының көбірек еріп, булануынан құралады.

Мұз шөгінділер – бөлініп шығулардың үлкен тобы, ертедегі немесе осы заманғы мұз айдындарының генетикалық қызметімен тығыз байланысты.

Оба тастан қалаған қарақшы, меже, белгі.

Пәрбі (бәрбі) – шойын тесетін үскі.

Пластмасса – өңдеудің кейбір сатыларында иілімділік сипаты бар және біршама немесе толық органикалық жоғары молекулалардың қосындысын құрайтын материал.

Пышқы ағаш кесетін ара темір (пышақ, пышқы, пішу, пішін, пішен сөздерінің бәрінің түбірі піш – кес сөзінен шыққан).

Рабат қолөнершілер қалашығы.

Сапа бағасы – объектінің қойылған талаптарға қаншама сай орындалуын қадағалайтын жүйелі тексеріс.

Сәкі саты, басқыш, орындық; төр алдында болатын отырғыш тақтай, яғни қалаған кірпіш, нар.

Сәулелі жылу алмасу (лучистый теплообмен) – электр магнитті толқын түріндегі жылуды тарату үрдісі.

Сәулет жобасы – жобалауда суретші қатысуы қажет объектілердің құрылысына құжаттамалар жасау үшін қажетті көлемде объектіге әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, инженерлік, техникалық, өртке қарсы сақтық, санитарлық-тазалық, экологиялық, сәулет-көркемдік және басқа да талаптарды кешенді есепке алатын сәулет шешімдері бар құрылыс және қала құрылысы құжаттамасының сәулет бөлімі.

Сәулет объектісі – сәулет жобасы негізінде құрылған үймерет, ғимарат, үймереттер мен ғимараттар кешені, олардың бейнесі (көрінісі), жайластырушылық, көрініс не бақпарк өнерінің объектілері.

Скрепер – жер қыртысын қырнап үйетін немесе тегістеп жаймалайтын жер қазғыш-тасымалдауыш өзі жүретін немесе тіркемелі жер-көлікті машина. Оның төменгі бөлімінде пышақ пен пневмадоңғалақта жабдықталған ожауы бар.

Сорап станциясы деп негізгі және қосымша сорап агррегаттарынан, су тасымалдайтын құбырлардан, көмекші құрал-жабдықтардан тұратын құрылымдарды айтады.

Сотопласт полимер шайырымен сіңірілген қағаз немесе шыныматадан көбіктенбеусіз пішіндеумен алынған ауа қабатының жиі қайталануымен дұрыс геометриялық пішіні бар жылу оқшаулағыш материал.

Су жұтылу (водопоглощение) – материалдың суды сіңіру мен ұстап қалу қабілеттілігі.

Су құбыры немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі (водопровод или система водоснабжения) – тұтынушыларға суды тасымалдауды, тазартуды қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстар және шаралар комплексі.

Сумен жабдықтау (водоснабжение) – керекті мөлшерде және қажетті сапамен әр түрлі тұтынушыларды (халықты, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті, ауыл шаруашылығын) сумен қамтамасыз етуге арналған шаралар жиынтығы.

Сусіңгіштік (водопроницаемость) – материалдың қысым әсерімен суды өткізу қасиеті.

Сұйық шыны (жидкое стекло) – силикат натрийдің коллоидті сулы ерітіндісі.

Сүргі илеген терінің етін көшіріп, құрыс-тұрысын жазу үшін ағаштан, темірден жасаған қырғы құрал.

Сүтін тіреу, бағана, діңгек.

Сылақ станциялары (штукатурные станции) – ерітіндіні қабылдау, оны сақтау, қажетті жеткізудің араластыруы, жұмыс орнына тасымалдау және өңделген бетке түсіру үшін қолданады.

Табиғи тас материалдары деп тау жыныстарын механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау және тағы басқа тәсілдер) арқылы алынатын плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және жалпақ тастар, жол жиек тастары, щебен, ұсақталған құм сияқты т.б. өнімдерді айтады.

Табиғи желдетудің жүйесі (система вентиляции естественной) – құрылымдық бөлшектерден тұратын, бөлмеде берілген ауаның тазалығын қамтамасыз етуге арналған құрылғы.

Тақтайлар қалыңдығы 100 мм-ден аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы екіге тең кесілген материал. Қалыңдығына байланысты тақтайлар жіңішке (13-32 мм) және қалың (40 мм-ден астам) болып екіге бөлінеді.

Тақтайлар (доски) – қалыңдығы 100 мм аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы екіге тең кесілген материал. Қалыңдығына байланысты тақтайлар жіңішке (13-32 мм) және қалың (40мм астам) болып екіге бөлінеді.

Тас жұмыстары – оларды орындағанда құрылымдық элементке оның бөлігі түрінде аяқталған өнім – тас қалауын беретін операциялар жиынтығы – құрылыс процесі. «Тас қалау» терминінің екі мағынасы бар: 1. құрылымдық элемент; 2. құрылыс процесі, «тас жұмыстары» түсінігінің синонимі.

Тас қалау – белгілі тәртіппен құрылыс ерітіндісіне төселген тастардан тұратын құрылым. Қалау түрі құрылымның атқаратын міндетіне және оның пайдалану жағдайларына, салынып жатқан ғимараттың мықтылығына және материалдарды пайдаланудың экономика жағынан сәйкестігіне байланысты болады.

Тасболат – күйдірген кірпіш.

Таскестелі тақтайша еденінің сыртқы жағы (лицевая сторона мозаичного паркета) – таскестелі жұқа тақтайшаның ескіру қабатының сырты.

Тасымалдауыш топырақты бір жағына үздіксіз әкетіп тұратын ұзын лента.

Тау жынысы (горная порода) – геологиялық үрдістің өнімі болып табылатын және жер қыртысында өздік денелер пайда болатын белгіленген құрамы мен құрылымының аз немесе көп табиғи минералды агрегат.

Тез үйшілердің ағашты түзетіп немесе иіп қалыптайтын білдегі.

Теміртек – жасық, жай темірден соққан пышақ.

Терезе алды тақтайлар (подоконные доски) – бөлме жағынан терезе өткелінің төменгі жағында орналасады. Терезе алды тақтайлары бөлме үйіне 1% көлбеулікпен орнатылады.

Тескіш – темір тесетін, ұшының асылы бар қадау тас темір.

Тошала ( шошала) сайман, азық-түлік қоятын, төбесін дөңгелектеп жауып, шошақтап шығарған балшық, яки тас үй.

Төсем (стяжка) – шатыр, еден және айырушы жабуларын жасағанда негіз бетін тегістейтін материал қабаты.

Төтенше жағдайлардың алдын алу алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкіндігінше азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.

Тұрғын үйді жаңғырту – тұрғын үйдің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін құрылыс көлемі мен үйдің жалпы ауданын немесе оның атқаратын міндетін өзгертумен байланысты және тұру жағдайларын жақсарту мен тұрғын үйдің пайдалану көрсеткіштерін қазіргі талаптардың деңгейіне келтіру мақсатымен жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстары мен ұйымдастыру-техникалық шараларының кешені.

Тұрғын үйдің бөлшегі – үймереттің барлық биіктігі бойынша басқыштармен жасалған және оған пәтерлер есіктері шығатын үймереттің көлемді-жоспарлы элементі.

Тұрғын үймереттер адамдар тұрақты тұратын пәтерлі үйлер және жұмыс не оқу мерзімінде уақытша тұратын жатақханалар.

Тұсқағаз – біркелкі немесе түрлі-түсті фонға бояу болмаса бедерлі баспа тәсілімен салынған алуан түрлі өрнегі бар қағаз текті әрлеу материалы.

Тұсқағаз жұмыстары (обойные работы)қабырлар мен төбелер беттеріне тұсқағаз не басқа оралма материалдар жапсыру бойынша жұмыстар. Тұсқағаз жұмыстарының технологиялық үрдісі беттерді дайындаудан және оларды желімдеуден тұрады.

Тік құбыр (стояк) – су (газ) үлестіру аспаптарына және өрт сөндіру шүмектеріне тармақтар арқылы су (не газ) беру немесе санитарлық аспаптардан алып кетуші құбырлар арқылы келетін сарқынды суларды әкету үшін, барлық қабаттар арқылы өтетін тұрғын және өндірістік үймереттің ішіндегі тік құбыр.

Тіреуіш еден астындағы кеңістікте атмосфералық әсерден қорғауына қызмет ететін тіректі іргетас арасындағы жіңішке қабырға.

Тіреуіш (забирка) – еден астындағы кеңістікте атмосфералық әсерден қоғауы қызмет ететін тіректі іргетас арасындағы жіңішке қабырға.

Тістеуіш – араның тістерін оңдайтын кілт сияқты темір.

Ұзақ уақытқа жарамдылық ғимараттың және олардың элементтерінің қираусыз және деформациясыз пайдаланудың белгіленген тәртібімен арнайы жағдайларда берілген сапаларды ұзақ уақыт бойы сақтау қабілеті.

Ұрма (соқпа) – қалыпсыз кесек былжырдан соққан құрылыс.

Цитадель – қамал, қалалардың алғашқы ұйтқысы.

Шақпы (шапқы) – темір кесетін асыл жүзді темір.

Шалдуар тастан, балшықтан қалаған ашық қора.

Шаң тұтқыштар (шаң айырғыштар) – пылеуловители (пылеотделители) – сормалы ауа алмастыру жүйелеріндегі және газ тазалайтын өнеркәсіптік қондырғылардағы ауа (газ) легінен тозаң және басқа механикалық қоспаларды тұтатын құрылғылар.

Шаңырақ – жарық түсіру және түтін шығару үшін жасалған киіз үйдің төбесіндегі күлдіреуішті шеңбер ағаш (оның шеңбер аймағы киіз үйдің ірге шеңберінің1/3). Уық – кереге мен шаңырақтың арасын қосып тұратын бір басы түзу, екінші басы бүгілген жіңішке сырықтар.

Шахристан – абыз-ақсүйектер қалашығы.

Шойын балқытқыш – қарсы токтың приципімен жылу алмасу пайда болатын толассыз әрекеттердің шахталық балқыту пеші.

Шу денсаулық үшін зиянды немесе басқа қатынаста қауіпті болатын немесе есту қабілетінен айрылуды тудыруы мүмкін кез келген шу.

Шыны пластик синтетикалық қарамаймен сіңген, ыстық шыны талшық престеуінің қалыптасуымен алынған материал.

Ілмектер – жүк көтергіш құрылғының ілмегіне көтерілетін жүкті ілу үшін қолданылады.

Электр жылыту (электроотопление) – жылыту үшін электр қыздырмалы құралдарды қолдану.

Эскалатор жылжымалы баспалдақ.

Ярус – ғимараттың биіктігі бойынша шартты шектелген және көлемдік жоспарлы, техникалық немесе құрылымдық тұрғыдан біртұтас бөлігі.

Предыдущий:

Следующий: