термин

Белсенді туризм өптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды.

Су туризмі –белгілі бір су объектілері (өзендер,көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін,арнайы (қайықтар,салдар т.б.) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер.Су туризмінде қолданатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар,балон қайықтар,кильді қайықтар,катамарандар,тегіс табанды қайықтар т.б.) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше

Тау туризмі ертеден қалыптасып,өзінің табиғи ерекшелігімен адамдарды қызықтыратын туризмнің басты объектісі болып саналады.Таулар пайда болу ерекшелігіне, табиғат жағдайларының қалыптасуына қарай туристік іс-әрекеттерді жайғастыруға өте қолайлы.Туристерді қызықтыратын факторлар түріне жатады. Таулар арқылы танымдық,спорттық және медени тәжірибелік жорықтар ұйымдастыруға болады

Халықаралық туризм — халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі.

Предыдущий:

Следующий: