фарм емтихан тест

Қазақ тілі пәнінен фармация факультетінің студенттеріне арналған емтиханның

тест сұрақтары

1. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кейбір жұқпалы аурулар қайталануы мүмкін.

ә) Дәрігерге қарал!

б) Аурухана қалай баруға болады.

в) Ертең сағат екіде барамын.

г) Мерекелеріңіз құтты болсын!

2. «Дурной запах» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) хош иіс

ә) жағымды иіс

б) ақымақ иіс

в) жағымсыз иіс

г) жағымсыз хош иіс

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Дәрі мақсатында өгейшөптің … пайдаланылады.

а) өсімдік шырын

ә) эфир майының

б) ұнтағында

в) жапырақтары

г) тамырдың

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Глюкоза ерітіндісін … ауруларын емдеуге қолданады.

а) бүйрекке

ә) асқазанға

б) жүрек

в) көз ауруларында

г) тіс ауруында

5. «Отвлекаться» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) алаңсыз

ә) алақтау

б) алаңдап

в) алаңқай

г) көңілі бөлінді

6. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы болатын тіркесті көрсетіңіз.

Науқас құрғақ жөтел …, дәрігердің кеңесін тыңдады.

а) басталғанда

ә) болдырмауда

б) жиі болғанда

в) басталмасын деп

г) байқалса

7.Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың баяндауышы болатын тіркесті көрсетіңіз.

Көз ауруын …, науқас емханаға келді.

а) емдеткендіктен

ә) емдетпек болып

б) қаратуға

в) жетілдіруде

г) тексертсе

8. Себеп-салдар жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

а) өйткені

ә) және

б) бірақ

в) кейде

г) болмаса

9. Көп нүктенің орнына керекті сөз тіркесін қойыңыз.

Ауру адамның психикасы … келеді.

а) бауыр ауырып

ә) тәбетін ашады

б) өте сезімтал

в) емдеуге пайдалы

г) қолайсыз болғанда

10. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Никотин вреден не только для курящего.

а) Никотин темекішінің денсаулығына тамаша нәрсе.

ә) Никотиннің зияны темекі тартушыға.

б)Никотин темекі тартушыға ғана зиянды емес.

в) Никотиннің пайдасы өте көп.

г) Адам никотинсіз өмір сүре алмайды.

11. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қуаты мол тағамдарды көп қолдану ағзаға зиянды.

ә) Қымыз – көптеген аурулардың емі, әрі тамаша сусын.

б) Бұл мәселе туралы көп жазылды, сондай-ақ теледидарда да сөз болды.

в) Әсет үйден ерте шыққандықтан, бүгін сабаққа ерте келді.

г) Адам дұрыс тамақтанбаса, оның ағзасы ауруға ұшырайды.

12. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз.

…, тері ауруға шалдығады.

а) Тазалық тәртібі сақталу үшін

ә) Медициналық көмек көрсетілмесе

б) Патологиялық өзгеріске

в) Химиялық факторлардың

г) Іріңді, сулы бөртпелер

13. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Нашақорлық туралы мақала … …., ол туралы ғылыми еңбектерді қарадым.

а) жазып болдым

ә) жазайын деп

б) білгім келді

в) дайындамақ бол

г) жаза алсам

14. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Обыр (рак) ауруы аз зерттелген жоқ, бірақ емі әлі табылмай жатыр.

ә) Бүгін күн бұлтты болды, әрі салқын жел соғып тұрды.

б) Жедел жәрдем тез жетті, бірақ науқастың өмірін құтқарып қала алмады.

в) Уақытында ішілсе, ас дұрыс қорытылады.

г) Мерез ауруы жиі кездеседі, сондықтан ол туралы білудің маңызы зор.

15. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып, салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Бүйрек қызметі нашарлайды … жүрек ентікпесі пайда болады.

а) үшін

ә) бірақ

б) және

в) де

г) деді

16. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Жұмысты түгел аяқтамайынша, ешқайда бармаймыз.

ә) Оқуды бітірген соң, жолдамамен Жезқазан қаласына барды.

б) Сәкен осында келсе, бәріміз бірігіп Абзалдың үйіне барамыз.

в) Науқас ауруханаға бармаса, оның жағдайы қиындап кетеді.

г) Ол кісіні көрмесем де, сырттай білетінмін.

17. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

Жиналыс аяқтал…, жұрт үйді-үйіне тарай бастады.

а) ды

ә) ған

б) са

в) ып

г) ар

18. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Уақыты бола тұра, ол ата-аналар жиналысына барған жоқ.

ә) Іш ауруынан сақтану үшін тағам тұратын жер үнемі таза болуы тиіс.

б) Ауруы жазыла қоймаған соң, ақыры ауруханаға жатуына тура келді..

в) Ағзада дәрумендер жеткіліксіз болса, адам тез шаршайды.

г) Жаңбыр басылғанша, біз дәрісханада отырдық.

19. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл өте жұқпалы ауру, сондықтан сақтық шараларын сақтау керек.

ә) Сауда аяқталғаннан кейін сатушылар өз орындарын ретке келтіреді.

б) Әкімшілік тиым салғанына қарамастан, жабайы сауда тоқталмай тұр.

в) Ол сұрақтың жауабын білмегендіктен, дұрыс жауап бере алмады.

г) Тағамдардың сапасы сақталуы үшін, базарларда барлық жағдай жасалған.

20. “Овес” сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

а) емен

ә) сұлы

б) сабан

в) ұрық

г) дән

21. Сөйлемді аяқтаңыз.

Сұлы – астық тұқымдас…

а) бөлігі

ә) өсімдік

б) қайнатпа

в) шайқурай

г) пайдалы

22. Сұлының химиялық құрамын көрсетіңіз.

а) крахмал

ә) май

б) ақуызды зат

в) холестерин

г) минералды тұздар

23. “Сабан” сөзінің орысша аудармасын көрсетіңіз.

а) полынь

ә) тровеной чай

б) солома

в) дуб

г) овес

24. «Жидкое лекарство» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) сұйық дәрумен

ә) сұйық дәрімен

б) сұйық дәріге

в) сұйық дәрі

г) сұйықтау

25. Көп нүктенің орнына тиісі сөз тіркесін көрсетіңіз.

«А» дәрумені … әсерін тигізеді.

а) ағзаның өсуіне

ә) дамып кеткен

б) әріптермен белгілінеді

в) күн сәуленің

г) жүйкесі тозады

26. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Сұлы ұнынан … жасайды.

а) судың

ә) тінде

б) сабаннан

в) кисель

г) қантқа

27. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Сұлы сабанынан жасалған қайнатпаны …қолданады.

а) өкпе ауруының

ә) стоматиттің

б) тыныс алу

в) ыстықты төмендету үшін

г) қан айналымын

28. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Сұлыны… дәрі ретінде пайдаланады.

а) ақыл есі кеміп

ә) баспамен

б) ентігу кезі

в) ұйқысыз

г) ыстықты төмендететін

29. Көп нүктенің орнына қажетті сұраулық шылауды қойыңыз.

Бұл дәріні уақытында қабылдап жүрсіз …?

а) ба

ә) не

б) ме

в) бе

г) ма

30. Қосымша дұрыс жалғанбаған сөзді көрсетіңіз.

а) дәріге

ә) дәріді

б) дәріден

в) дәріде

г) дәріні



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст


Предыдущий:

Следующий: